Сақтандыру

Автокөлікті несиеге немесе қолма-қол ақшаға алып жатырсыз ба, жаңа немесе ұсталған көлік алып жатырсыз ба – маңызды емес, мүмкін Сіз біздің бұрыннан бергі клиентіміз шығарсыз және Сіздің автокөлігіңіздің зауыттық кепілдік мерзімі өтіп бара жатқан шығар, біз Сізге өзіңізді, туыстарыңызды және автокөлігіңізді қауіпсіздендіруді және өмірдің барлық жағдайларына сақтандыру сатып алуды ұсынамыз.

Есіңізде болсын, жолдағы келеңсіздіктер тәжірибелі жүргізушінің де, жаңадан бастаушы жүргізушінің де алдынан кезігуі мүмкін. Ертеңгі күні не болатынын ешкім болжай алмайды, алайда сақтандыруды сатып алу арқылы Сіз ол күнге сенімділікті қоса аласыз!

Барлық «Астана Моторс» автосалондарында Сіз бірнеше минут ішінде автосалоннан шықпай-ақ, «бір терезе» принципі бойынша АҚЖМС, АҚЖЕС немесе КАСКО сақтандыру полисін рәсімдей аласыз!

Сақтандыруды рәсімдеудің барлық сұрақтары бойынша «Астана Моторс» дилерлік орталықтарындағы сақтандыру өнімдері бойынша Кеңесшіге хабарласыңыз.

Наши партнеры

Описание

  • Amanat
  • Kommesk

Amanat


  • Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті және ерікті сақтандыру
  • Әртүрлі тарифтік топтармен КАСКО сақтандыру.
Сақтандыру бағдарламасы, қысқаша сипаттамасы, Бағдарламаның ерекшелігі Серіктес
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру

КОММЕСК-ӨМІР

Amanat

КОММЕСК-КОМФОРТ «ерікті кешенді сақтандыру бағдарламасы»:

1. «ПЛЮС» бағдарламасы

Көлік құралдары иелерінің АҚЖМС полисі бойынша Сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туындаған ЖКО нәтижесінде сақтандырылған КҚ зақымдалуы немесе жойылуы

 КОММЕСК-ӨМІР

2. «ӨЗГЕНІҢ АБАЙСЫЗДЫҒЫНАН ҚОРҒАУ» бағдарламасы

Сақтандыру шарты бойынша Сақтанушы (Сақтандырылушы) болып табылмайтын және ЖКО кезінде қолданыстағы АҚЖМС полисі жоқ КҚ иесі ол үшін кінәлі болып табылатын ЖКО салдарынан сақтандырылған КҚ зақымдалуы немесе жойылуы

 КОММЕСК-ӨМІР

3. Жүргізуші мен жолаушыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру бағдарламасы

АҚЖМС полисі бойынша Сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туындаған ЖКО нәтижесінде сақтандырылған КҚ жүргізушісінің және/немесе жолаушыларының өмірі мен денсаулығына зиян келтіру

 КОММЕСК-ӨМІР

4. КҚ иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру бағдарламасы

Сақтандыру төлемі келтірілген зиянның мөлшері «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген Сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің көрсетілген шекті көлемінен асқан кезде жүзеге асырылады

 КОММЕСК-ӨМІР

КАСКО - СТАНДАРТ бағдарламасы

Көлік құралын ЖКО, Айдап әкету/Ұрлау, Сыртқы механикалық әсер, Химиялық заттардың және (немесе) жоғары температураның кездейсоқ сыртқы әсер етуі, Табиғи апаттар, Үшінші тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері, Өрт, жарылыс, Өздігінен жану, Әйнектердің зақымдануы сияқты жағдайларда сақтандыру

 КОММЕСК-ӨМІР

Amanat

КАСКО – ПЛЮС бағдарламасы

Бағдарлама банктің КАСКО сақтандыруы (негізгі шарт) қамтыла отырып несиеге рәсімделген көлік құралдарына арналған. Каско-Плюс бағдарламасы бойынша сақтандыру сомасы негізгі шарттың өтелмеген бөлігіне, атап айтқанда несие бойынша бастапқы жарна сомасына, негізгі шарт бойынша ең жоғары франшиза сомасына және 150 000 теңге сомасындағы амортизацияның болжамды мөлшеріне тең

 КОММЕСК-ӨМІР

КАСКО – ЖӨНДЕУ

Каско-жөндеу бағдарламасы зауыттық кепілдік мерзімі өткен автокөліктерге арналған. Қазақстан Республикасының аумағында жасаушы зауыттың стандартты кепілдігінің қолданыс кезеңі өтіп кеткеннен кейін болған көлік құралының күтпеген механикалық немесе электрлі тетіктерінің бұзылуы салдарынан (ЖКО салдарынан емес) КҚ-ның зақымдалуы, жоғалуы немесе толық опат болуы сақтандыру жағдайы болып табылады

 КОММЕСК-ӨМІР

Kommesk


  • Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті және ерікті сақтандыру
  • Ұсталған автокөліктерді бұзылудан сақтандыру (ұзартылған кепілдік) – «Астана Моторс» компаниясына арналған эксклюзивті ұсыныс!
  • Банктің сақтандыруына қосымша кепілге қойылған автокөліктерді КАСКО сақтандыру – Астана Моторс компаниясына арналған «эксклюзивті ұсыныс»!
  • Әртүрлі тарифтік топтармен КАСКО сақтандыру.
icon icon icon
icon icon icon icon icon

www.kokshetau.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.